"Қыз сыны"

Автор: admin от 9-03-2017, 23:34, посмотрело: 613

0

Көктем аруы қыздар арасында байқау


Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.
1- жүргізуші: Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
2- жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін! Олай болса, қыздарға баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырайық: информатика пәнінің мұғалімі: Біргебаева Жадыра, бастауыш пән мұғалімі: Баймуханова Айгерім, еңбек пәнінің мұғалімі: Кадирова Жұпар.
1- жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «
Ақылды да, дана қыз» атты конкурсымызды ашуға мектебіміздің директоры Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызына сөз берейік.
2- жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Ендеше бүгінгі байқауға қатысатын қыздарды ортаға шақырайық.

Сыныбында күлімдеп жүретұғын

Бұрымы да беліне жететұғын

Ортаға шақырайық Тоғжан қызды,

Дидарынан төгілген жүзі нұрлы.

 

Мың бұралып, билеген,

Сыңғырлаған үнімен,

Жансая атты қызымыз

Шығады нәзік күйменен.

 

Қыз дегенің гүлмен тең,

Сыныптарын гүлдеткен

Ирададай ару қыз,

Сахнаны билеткен.

 

Ұлпан неткен көңілді

Жүзінен нұр төгілді

Бір қарағаны көзімен

Баурап алады өзіңді

 

Сыңғырлаған күлкісі де әдемі

Ойлап айтқан сөздері де әдемі

Шығып келген жүрісі де әдемі

Қарсы алыңыздар ортамызда Әдемі

 

Сүйкімді қыз Адолят

Жарыстарға қалмай қатысат

Шақырайық ортаға

Шапалақпен қаттырақ


2- жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық. (аттарын атау)


1-жүргізуші:
Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.
1 - шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады. (5 мин)
2 - шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (мәнерлеп оқу, ән айту, би билеу және т.б.).
3 - шарт. «Бұрымды қыз» (шаш өру) 5 минут
4 - шарт. «Кім жылдам?» (5 мин)
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
б) Түйме қадау
в) 1 мин ішінде инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
5 - шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер деймін!
2- жүргізуші:
Арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын. Ендеше І тур таныстыру.

5 «А» сынып оқушысы Әбділда Тоғжан

5 «Б» сынып оқушысы Жұмабекқызы Жансая

5 «В» сынып оқушысы Алиева Ирада

6 «А» сынып оқушысы Шаймұханбет Ұлпан

6 «Б» сынып оқушысы Тоқтарходжаева Адема

6 «В» сынып оқушысы Марис Адолят


1- жүргізуші:
2 тур:
Өз өнерін көрсету
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
2- жүргізуші:
3 тур:
Қыз сұлу көрінеді шашыменен демекші қыздардың шаш өру үлгісін тамашалайық

1- жүргізуші:

4 тур: «Кім жылдам»
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою) 2 мин
б) Түйме қадау 2 мин
в) Инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады). 1 мин
2- жүргізуші:
5 тур: «Сұрақ - жауап»
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік. Қағаз жетонды бірінші көтерген және дұрыс жауап берген адамға 1 ұпай қойылады.
1- жүргізуші: алдыларыңызда тұрған карточкаларды алып, ішіндегі сұрақтарға жауап берсеңіздер.

 

2- жүргізуші:
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше 8 «В» сынып оқушысы Асым Шахзадтың орындауында бір ән.

Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!

 

 

Қыздар төрайымы: З. И. Сералиева                   Педагог-психолог: Г.Т.Нұрғали         

Байқауға қатысқан қыздар:

5 «А» сынып оқушысы Әбділда Тоғжан

5 «Б» сынып оқушысы Жұмабекқызы Жансая

5 «В» сынып оқушысы Алиева Ирада

6 «А» сынып оқушысы Шаймұханбет Ұлпан

6 «Б» сынып оқушысы Тоқтарходжаева Адема

6 «В» сынып оқушысы Марис Адолят
1-ші орын: 5 «Б» сынып оқушысы Жұмабекқызы Жансая

2-ші орын: 6 «В» сынып оқушысы Марис Адалят

3-ші орын: 6 «А» сынып оқушысы Шаймұханбет Ұлпан

«Кербез қыз» номинациясы Алиева Ирадаға

«Сымбатты қыз» номинациясы Тоқтарходжаева Адемаға берілді

«Өнерлі қыз» номинациясы Әбділда Тоғжанға берілді

Категория: Мерекелік іс-шаралар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.